Чарльз Диккенс (1812-1870 ж) – ХІХ ғасырдағы реализм жанрының ұлы жазушысы. Өзінің шындық (реализм) бағытындағы романдарымен әлемге әйгілі жазушы болса да, әйелінің қадірін білмей дүниеден өтті. Диккенс жүрген жерінде ғана емес, Лондонда шығатын газет бетінде әйелін жамандап жазатын. Сондағы айтатыны: «Майлы тағамды көп жейді, диванда жата бергендіктен, қатты семіріп кетті, онымен сөйлесу мүмкін емес, көз жасына ерік беріп жылай береді, жүйкесі әбден жұқарған» тағы тағылар… Бұны оқыған газет оқырмандары ұлы жазушыны қатты аяйтын, әсіресе әйелдер жағы. Чарльз Диккенстің әйелі Катрин Томсон Хогартті (1815-1879 ж) халық жек көріп, ұлы жазушының қадірін білмейтін, төмен етекті қатын деп айыптап жүрді. Оңбаған ұлы ойшыл жазушы Дикенске күйеуге шыққан 12 жыл ішінде 7 ұл мен 3 қыз туып берген Катрин жаялық жуу мен балаларға қараймын деп толығып кеткен еді. Ал, диванға жатып көз шырымын алатын себебі, жазушы әрі жүргіш байы түн ортасында достарымен келіп, арақ ішетіндерге түнімен тамақ істеп тыным таппайтындығында еді.
Бәріне де шыдап жүре берер ме еді, бір күні Чарльз 18 жастағы актриса Эллен Тернанға үйленемін дегенде, бұл үйде енді керек болмағанын біліп, соқа басы кетіп қалды. Себебі, жазушы балаларын бермей алып қалған болатын. 1870 жылы Чарльз Диккенс қайтыс болған соң ғана балаларымен қайта табысты. Баяғы өзін жамандаған газет редакциясына 24 жастағы жас жігіт Чарльздің 20 жастағы талдырмаш қыпша бел Катринаға ғашық болып, қолы мен жүрегін сұраған болашақ жазушының хаттарын апарып тапсырған соң, әр санын асыға күтіп жүріп оқыды. Осындай кеңпейілді әйел күйеуінен соң тоғыз жыл өмір сүріп, 1879 жылы қайтыс болып, өтініші бойынша шалының қасына жерленді.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
тарихшы, журналист-дайджест
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!