Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парижге Елдос емес, Нұрқанат барса деймін…

24.04.2024, 10:10 340

Елімізде дзюдо спортынан Олимпиада ойындарының екі мәрте жүлдесін алған Елдос Сметовке ренішім мен өкпем жоқ. Бірақ «Олимпиададан алтын алсам» деген Сметовтің арманы Парижде орындалмайды-ау. Өйткені Жапония, Франция, Тайпей, Испания, Әзірбайжан және Оңт. Корея спортшыларын жеңу Сметовке қиын болады. Олар да алтын алсам деп қиялдаған Сметовке жүлдесін беріп қойып, қарап тұрмайды. Елі, федерациясы және халқы өз елінің спортшыларына сенім артып отыр…

31 жастағы Е.Сметов 2014 жылдан бері 60 келіде өнер көрсетіп келеді. 10 жылдан бері салмақ тастады, жарыстарда жүлде алмауы – содан. Әйтпесе, Елдостың жарақаты әлдеқашан жазылған.

Қазіргі кезде 60 келі салмақта қазақтың үш баласы әлемдік додаларда көш бастап келеді. Олар – Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин және Нұрқанат Серікбаев.

Олимпиадалық рейтингте Нұрқанат Серікбаев 3149 ұпаймен 14-орында, Мағжан Шамшадин 2134 ұпаймен 24-ші, Сметов 1792 ұпаймен 26-орынға жайғасқан. Бұған дейінгі беделіне қарап емес, енді елге береріне қарап, Парижге Нұрқанатты жіберу керек.

Айбек Мұханов,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: