Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа техника – татымды тірліктің бастауы

19.04.2024, 9:05 233

HALYQLINE.KZ

Бүгінде Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде. Аймақтағы шаруашылықтарға қолдау көрсетіп, олардың сұранысына тиімді жағдай жасауда «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының орны ерек. Аталмыш компания облыстағы 250-ге жуық шаруашылықты қаржыландырып отыр. Ал, биыл олар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жаңа лизинг бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев облысқа арнайы іссапармен келіп, өңірдегі шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Көктемгі іссапарым Қазақстанның оңтүстік өңірінен басталып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бізбен байланыс орнатқан барлық шаруашылықты аралап, фермерлердің жағдайын өз көзіммен көріп, ұсыныс-сұрақтарына жауап беріп жүрмін. Одан бөлек, жаңа бағдарламамыз жайлы да ақпарат беріп, түсіндіріп жатырмын. Біздің басты тиімділігіміз – лизинг. Лизингте техника кепілсіз беріледі. Мысалы, егер шаруа қожалықтарына техниканы бірден алу қиын болса, олар лизинг арқылы алуға мүмкіндіктері бар. 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» тарапынан 178 млрд теңгеге лезингке техника берілді. Ал, осы жылы 185 млрд теңгеге алуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңізге мәлім, былтыр шаруа қожалықтары үшін қиын жыл болды. Оңтүстікте су тапшылығы болса, солтүстік өңірде шамадан тыс жауын-шашын болып, фермерлер біраз зардап шекті. Сол үшін біз биылдан бастап шаруашылықтарға көмек ретінде өзіміздің «стандартты лизинг» деген бағдарламамыздан аванстық төлемді алып тастап, қазір техниканы аванссыз беретін жағдай жасап отырмыз, – деді Еркебұлан Жұмжаев.

Өңірде «ҚазАгроҚаржының» игілігін көріп, шаруашылығын осы компанияның қолдауымен жүзеге асырып отырған фермерлердің бірі – «Сейтжанов» шаруа қожалығы. 1992 жылы негізі қаланған бұл кәсіпорын – 2014 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржының» тұрақты тұтынушысы. Құрамында 30-дан аса қызметкері бар шаруашылық егінмен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Ал, «Сейтжанов» шаруашылығының негізін қалаушы Әбдімәлік Сейтжанұлы өзінің тоғыз ұлын да осы кәсіпке баулыған.

– Түсінген адамға «ҚазАгроҚаржының» қолдауы өте жақсы мүмкіндік. Жеке мен үшін бұл компаниямен жұмыс істеу өте тиімді. Сондай-ақ, күн сәулесінен қуат алатын құрылғыны да Қазақстанда бірінші болып біз алғанбыз. Қазір құнынан құтылып, өз пайдамыздың еншісінде тұр. Біз пайдаланатын қыруар техниканың бәрін осы компаниядан алдық. Пайдасы өте көп, – деді Әбдімәлік Сейтжанұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: