Мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздегі Су ресурстары комитетін ұзақ жыл басқарған маман Ислам Әбішев «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында су тасқынының қорғануға лауазымды тұлғалар су тасқынына алдын ала дайындалмағанын айтты.
«Өзіңіз ойлап қараңыз, биыл алдыңғы жылдарға қарағанда қардың көп болғанын, ылғалдың көп түскенін ауылдағы қарапайым адам да, біз де көріп-біліп отырмыз. Бұл – бір. Екінші, тоңның қалың екені белгілі болды. Үшінші, кез келген уақытта күннің ысып кетуі мүмкін екенін біреу барып айтудың керегі жоқ қой. Төртінші, дайындық жұмыстарын қаңтарда, ақпанда емес жазда жасайды. Ал «Казгидромет» ескерту берді және «Казгидрометтің» айтуының да қажеті жоқ. Ол дайындықты тіке аудан, облыс әкімдері жүргізуі керек еді. Қазір қараңыз, су тасқынын теледидардан, басқадан көрсеңіз, «дамбы» салып жатыр. Осындай қиын жағдайда топырақты қапқа салып, соны апарып, жауып бөгет қылып. Соны неге жазда жасамадық? Су кеп қалуы мүмкін деп, алдын ала ойлану керек қой. Яғни көп аймақта тасқыннан қорғануға мүмкіншілік бар еді. Әлі де бар», – деді Ислам Әлмаханұлы.
Оның айтуынша, Жайық өзенінің суы да қатты көтерілгелі жатыр. Ол да алдын ала айтылып жатыр. «Бәрібір қиыншылықтары болады» дейді ол.
Сондай-ақ Ислам Әбішев су тасқынынан қорғанудың жолдарын айтты.
«Ең бірінші біз ауылдық елді мекендерді қорғауымыз керек. Ауылдық елді мекендер қыраттарда, тау етектерінде орналасады, таулы жерлерде. Мәселен, Жамбыл, Алматы облысы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында осылай. Ал Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстанда тегіс жерлерде орналасады. Енді сол қыратты жерде орналасқан елді мекеннің су келетін жағын білу үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Су келетін жағына тиісті белдеулер қойып, суды бағыттап, елді мекеннен ары қарай өткізіп жіберу керек. Елді мекеннің ішінде қардың өзі ерісе, төмен қарай ағып кетеді. Бірақ, қарды шығарып отыру керек. Ал тегіс жерде елді мекенді сақина ғып белдеу жасап қоршау керек. Барлық жерде ағын су тасқынының тереңдігі бір жарым метрден аспайды. Яғни, бір жарым метр деңгейінде су тоспаларын қойып отырсақ, белдеулерді айналдырып қойып отырсақ, көп мәселе туындамас еді.
Аудан орталықтары мен қалалардың рельефіне байланысты, су келуі мүмкін жақтарға тиісті тоспаларды қою керек. Оны жазда, құрғақта істеу керек, сүйтіп суды бағыттау қажет. Судың қай жақтан келіп, қай жақтан өтетінін біз білеміз ғой», – деді Ислам Әбішев.
<Без темы>
Нуржан НурмаганбетовВчера, 23:14Кому:вам
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!