Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист: «Маңғыстаудағы аралас жекпе-жек клубын жабу керек!»

02.04.2024, 10:25 324

Жастардың қыршын қиылып кете беруіне жол бермейік.

Әлеуметтік желіде 31 наурызда Ақтауда «Батыр» спорт кешенінде Аралас жекпе-жектен NOMAD ММА бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы облыстық чемпионатта 17 жастағы спортшы қайтыс болды.

Ақтөбе, БҚО, Қарағанды облыстарын су басып, елдің әбігер болып жатқаны Маңғыстау облысының спорт басқармасын ойландырмай ма? Неге осындай жағдайда жарыс ұйымдастыруға рұқсат берді? Күші тасып жүрген жастарды ерікті қылып Ақтөбе мен Оралға көмекке жібермей ме? Ел-жұрт қайғыдан қан жұтып, ағайын-туыстарын паналап жүргенде, Ақтауда облыстық чемпионат өтіп жатқаны жұртты ашындырып отыр. Он жеті жасар жасөспірімнің жарыс үстінде өліп кеткенін көріп, жанымыз түршікті. Ұйымдастырушыларды салғырттығы мен жауапсыздығы үшін қатаң айыптаймыз. Енді кім кінәні өз мойнына алады?

2018 жылы Ақтау қаласынан облыстық Аралас жекпе-жек клубын кім ашты? Сол кездегі спорт басқармасының басшысы болған Нұрбек Қарабала ма?

Басқарманың қазіргі басшысы Мақсат Мұқашқа сұрақ: Клубқа жылына қанша қаражат бөлінеді?

Аралас жекпе-жек клубын жауып, олимпиадалық спорт түрлерінен неге клуб ашпайсыздар? Мысалы, жеңіл атлетикада – 48, суға жүзуде – 37, велоспортта – 22, күрес түрлерінде 18 комплект медаль барын Маңғыстау облысының спорт басқармасы біле ме екен?

Басқарма басшылығы олимпиадалық емес және олимпиадалық спортты ажырата ала ма екен?

Кезекті бір басшы қылмыстық іске сұранып тұр. Кейінгілеріне сабақ болсын…

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: