Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда да сотталған азамат некеге тұрды

28.03.2024, 10:50 183

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде ҚР ҚК-нің 121 бабы 1 тармағымен бес жылға бас бостандығынан айрылған сотталған азамат заңды некесін қиды.

Тергеу мекемесі әкімшілігінің мәліметінше, некені заңдастыруға түрме де кедергі болмайды. Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес, сотталғандардың да неке қиюға құқы бар. АХАЖ бөлімінен келген маманның айтуынша, Қызылорда да түрмелерде неке қию рәсімінің өткізілуі бірінші рет емес.

  • Тергеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің некесін қидырудың өз пайдасы бар. Некесін қидырып, отбасылы болған жазасын өтеуші азамат жауапкершілікті сезініп, түзелу жолына түсіп, жаза өтеу барысында өзін жақсы жағынан көрсетуге және отбасына тезірек оралуға тырысады. Сол секілді бүгін некесін қидырған сотталғанның жаза өтеу барысында да тәртібі жақсы болып, отбасына тезірек оралатынына сенім артамыз,- деді мекеменің заңгер маманы Г.Қарашаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: