HALYQLINE.KZ Енді қазақстандықтар 42 500 теңгені ұялы телефон нөмірімен ала алады.
– 42 500 теңге»әлеуметтік төлемін банк шотының жоқтығынан ала алмаған азаматтар енді оны IBAN шотын ұсынбай-ақ, ұялы телефон нөміріндегі «ұялы байланыс операторының электрондық әмиянындағы» жеке шоты арқылы ала алады. Ағымдағы жылдың 6 мамырында Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлем тағайындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) тиісті өзгерістер енгізілді, – делінген министрліктің хабарламасында.
Ұялы байланыс операторының электрондық әмиянының шотына әлеуметтік төлем алу үшін SMS-хабарлама арқылы өзінің келісімін растауы қажет дейді.
Азаматтан жауап алғаннан кейін оператор алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) тексеріп, ұялы телефонының жеке шотына ақшаны жібереді. Оны Халық банкінің банкоматтары немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы алуға болады. Арнайы мобильді электрондық әмиян қосымшасының көмегімен 2000-ға жуық қызметтің ақысын төлеуге болады. Механизм пилоттық тәртіпте жүзеге асырылды. Бұл нұсқа Қытайда, Үндістанда, бірқатар Еуропа және Азия елдерінде сәтті қолданылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!