HALYQLINE.KZ Англия үкіметі 1 маусымнан бастап Премьер-лига және басқа да спорттық жарыстарды жалғастыруға рұқсат берді. Бұл туралы Sky Sports мәлімдеді. Бұған дейін АПЛ басшылығы биылғы маусымды 12 маусымнан бастап жалғастыратынын хабарлаған еді.
Телеарнаның хабарлауынша, елде спорт бәсекелерін жалғастыруға рұқсат берілген болса да, жанкүйерлердің стадионға кіруіне әзірше рұқсат жоқ. Көрермендер коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғаннан кейін ғана трибуналарға оралуы мүмкін екені айтылып жатыр.
Пандемияға байланысты уақытша үзіліске шыққанға дейін Премьер-лига командалары 28-29 тур матчтарын ойнап қойған еді. Турнир кестесінде 29 турдан кейін «Ливерпуль» 82 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 57 ұпайы бар «Манчестер Сити» болса, үшінші орында «Лестер» командасы келеді. Қоржынында 53 ұпайы бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!