Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы

19.01.2024, 17:45 525

Фото: syrboyi.kz

  1. Тазалықты сақтаңыз.
    — тамақты дайындау алдында және қолданар кезінде қолыңызды жуыңыз;
    — тамақ дайындау үшін қолданылатын ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз;
    — азық-түлікті жәндіктерден және басқа жануарлардан сақтаңыз.
  2. Шикі азық-түлікті дайын тағамнан бөлек ұстаңыз.
    — шикі етті басқа азық-түліктерден бөлек ұзаңыз;
    — шикі етті турауға бөлек пышақ пен тақтай қолданыңыз.
    — шикі және дайын азық-түлік өнімдерін араластырмай жабық ыдыста сақтаңыз;
  3. Мұқият термиялық өндеуден өткізіңіз.
    — азық-түліктерді әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе пісіріңіз.
  4. Азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз.
    — дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз;
    — барлық дайындалған және тез бұзылатын өнімдерді (50C төмен температурада) салқындатыңыз;
    — дайындалған тағамды ыдысқа салғанша ыстық күйінде сақтаңыз.
  5. Балғын азық-түліктерді таңдаңыз.
    — таза суды қолданыңыз;
    — жеміс пен көкөністі, әсіресе шикідей тұтынатын жағдайда жуыңыз;
    — пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз.

Алима АБДУШУКУРОВА,

Қызылорда бөлімшелік көліктегі

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: