Биылғы жылы да аймақ басшысының қолдауымен Қызылорда қаласында ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі – Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғыртуға арналады. Яғни, ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолақтыға ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер жолы түсіп, толығымен жарықтандырылады. Жоба құны 3 млрд.теңге. Бұл жұмыстардың басталуына республикалық бюджеттен 300 млн.теңге бөлініп отыр. Жоспар бойынша қайта жаңғырту жұмыстары күз айларына дейін аяқталуы тиіс.
Мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС бүгінде дайындық шараларын бастап кетті. Маңызы зор жобаның жай-жапсарымен танысқан Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов компания өкілдеріне құрылысқа қажетті материалдардың сапалы, жасалатын жұмыстардың тиянақты болуын тапсырып, жауапты сала жетекшілеріне күнделікті бақылау жасап отыруды міндеттеді.
Айта кету керек, қайта жаңғыртудан өтетін көшенің бойын абаттандыруға қосымша жоба әзірленуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!