Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықтың жағдайын жақсарту – басты міндет

20.12.2023, 20:30 377

Қызылорда қаласының 2024 жылға арналған бюджеті 58,2 млрд теңге болып бекітілді. Ол 2023 жылға қарағанда 11 пайызға ұлғайған. Бұл туралы қала әкімі Асылбек Шаменов қалалық мәслихаттың VIII сессиясында айтты.

«Қалада аяқ су мәселесі өз шешімін табады. Бұл мақсатта облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Жасыл- Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Ол мекеме қаладағы жасыл желекті баптап, аяқ судың жүретін жолдарын аршып, қажетті шараларды жүзеге асырады. Аталған мекемеге қалалық бюджеттен гүлдер, талдар, тыңайтқыштар, құрал-жабдықтар сатып алуға және жұмысшылардың айлық жалақысына барлығы 579,9 млн. теңге бөлінді», – деді Асылбек Өмірбекұлы.

Мәслихат сессиясында тұрғындардың талап-тілегіне орай, кезекте тұрған көпқабатты 21 тұрғын үйдің қайта жаңғыртудан өткізілетіндігі айтылды. Сондай-ақ қаладағы, шет аймақтардағы жолдарды орташа жөндеуге, қайта жаңғыртуға, көше құрылыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 5 млрд. теңге берілді. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен бөлінген 1 млрд 234 млн теңгеге қалаға қарасты ауылдардың жолдарын жөндеумен қатар, электр желілері жаңартылады.

Айта кету керек, биыл бастау алған нәтижелі жобалар келер жылы да жалғасын табад

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: