Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сегіз жылға созылған сергелдең

23.01.2020, 8:43 483

Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, оны өрістетуге үкімет те мүдделі. Өйткені, шағын және орта бизнесі дамыған ел әрқашан экономикалық тұрғыдан қауқарлы екені даусыз. Бұл жөнінде уақытында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, қазіргі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі айтып келеді. Айтып ғана қоймай, бизнес бастауға ынталы азаматтарды қолдауды, әкімшілік кедергілерді жоюды міндеттеді. Мемлекет басшысының өткен жылы қыркүйек айында кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы шешімі жаңа жылдан бастап күшіне енді.  Бұл  да – кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған байыпты бастаманың бірі. Бірақ, президент пәрмені ойдағыдай орындалып отыр ма? Әкімшілік кедергілерге тоқтам салынды ма? Құрғақ статистиканы «лық» еткізуге болар еді. Әйтсе де, жергілікті биліктегі жүйесіздік біршама кәсіпкердің жүйкесін жұқартқан тәрізді.

Қызылордалық тұрғын 8 жылдан бері сең соққан балықтай сенделіп жүр. Әрі-бері шапқылаудан шаршаған. Кәсіпкер Құмарбек Төлегенов 2012 жылы қаладағы Жалаңтөс баһадүр көшесінен аукцион арқылы 100 шаршы  метр  (1 сотық)  жер  телімін  алады.  Гәп  осыдан  баста­лыпты.

Аукцион арқылы алған жері жаяу жүргіншілер жолына (тротуар) жақын орналасқан соң құрылыс жүргізуге мүмкіндік болмапты. Төрт жылдан кейін жергілікті билік кәсіпкерге А.Байтұрсынов көшесінен 75 шаршы метр (0,75 сотық) жер телімін берген. Содан ол «әкімдік табыста­ған аумақты қоршап, шаруамды дөңгелетем» деп жүргенде аяқ астынан сол жердің иесі табыла кеткен көрінеді. «Жазған құлда шарша­у бар ма?». Кәсіпкер бұған да көнген. Әдеттегідей, әкімдік оған Д.Қонаев­ көшесінен тағы да жер телімін ұсынады.

«Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» демекші, кәсіпкердің сергелдеңі мұнымен де бітпейді. Әкімдіктің кәсіпкерге табыстаған 75 шаршы метр жерін прокуратура «Қызылорда қаласының Бас жоспарын­а сай емес, бұл жер жасыл желек аумағы» деп қайтып алыпты.­ Ақырында кәсіпкер дымсыз қалған.

Бұл мәселе облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек­ Жақсылықовтың бизнес өкілдерімен кездесуінде айтылды. Сегіз жылға созылған сергелдеңнен шаршаған кәсіпкер әкімдіктің бұл әрекетіне  наразы.

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізілгені мәлім. Кездесу барысында сол өзгеріске сай, әкімдіктің кәсіпкерден алып қойған жер телімі «базар», яғни кәсіпкерлік мақсатқа­ арналған жер болып белгіленген. Бұл мәселе қалай шешіледі? Кәсіп­кердің бизнес жүргізуге кеткен уақытын кім кері қайтарып бере алады?­ Үкімет кәсіпкерлік саласын дамытуға үндейді, ал жергілікті билік кәсіпкерді  әрі-бері  сенделтіп  жүр.

– Бүгін Қызылорда қаласындағы бірқатар кәсіпкерлермен кездестім­. Кездесуде көтерілген мәселелердің басым бөлігі жер қатынастар­ы саласы­на қатысты болды. Шынымды айтсам, кездесуден кейін көңіл күйім түсіп кетті. «Қазір халық жалқау, тірлік істегісі келмейді», – деп айтып жүрген кейбір шенділердің әңгімесін жоққа шығарғым келеді. Тірлік жасағысы келіп, жер алып, қаржы салған, алайда құжаттарын заңдастыра алмай сенделген жандарды көргенде еріксіз ашу қысты. Этикет талап еткендіктен ғана өз-өзімді ұстап отырдым­. Бұл мәселені тікелей бақылауыма аламын. Жақын күндері Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесіне шығарамыз. 8 жыл сандал­ған әріптесімізге көмектесе аламыз деп үміттенемін, – деп облыстық кәсіпкерлік палатасының директор­ы Ғалымбек Жақсылықов әлеу­метті­к  желіде  жазба  қалдырды.­

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: