Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасқыр мен иттің сұхбаты

08.12.2023, 9:20 283

HALYQLINE.KZ

Қасқыр иттен:

– Туысқаным, сен адамдарға жақын жүресің ғой. Олар туралы не айта аласың? – деп сұрапты.

– Адамдар біреуді кемсітіп, төмендеткісі келсе оған: «Ит екенсің» дейді.

– Сен оларды жеп көрдің бе?

– Жоқ!

– Сатқындық жасап па едің?

– Жоқ!

– Мен малдарына шапқанда қорғадың ба?

– Иә!

– Ал, есіңе түсірші. Батыл жандарды адамдар қалай атайды?

– Ондай адамдарды мадақтау керек болса, «Қасқыр екен» дейді.

Қасқыр:

– О баста сендерге бізбен бірге қасқыр болып қалыңдар дедік ғой. Мен олардың өздеріне шаптым, талай малын жедім. Ал олар болса өз қаһармандарын Қасқыр деп атайды. Сен түсінуің керек. Адамдар өздеріне берілгендерді қорлап, мазақ етіп, ал өз жендеттерінің алдында бастарын июге құмар…

Бұл – қасқыр мен иттің диалогы, болған-болмағанын білмейміз. Біз тек образға кіруге тырыстық. Ал образға кірсең, көп нәрсені ұғады екенсің…

(М.Стариков.)

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: