Бүгін Бидайкөл ауылында аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен қызанақ өңдеу цехының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына аудан әкімінен бөлек Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Айтбайұлы және Облыстық мәслихат депутаты Дәулет Егембергенұлы қатысты.
Құттықтау сөз алған аудан әкімі аймақта кәсіпкерлік саласын қолдаудың түрлі шаралары ұйымдастырылып жатқанын айтты. Соның бірі – «Ауыл аманаты» жобасы аясында беріліп жатқан 2,5 пайыздық несиелеу бағдарламасы. Аталған бағдарлама арқылы Шиелі ауданынан жалпы соммасы 584 млн теңге болатын 79 жоба қолдау тапқан. Аталған жобалардың арасындағы ірі жобаның бірі – осы томат өңдеу цехы.
Жеке кәсіпкер Қанат Мұсаев төрағалық ететін «Барлыбай и K» өндірістік кооперативі бұл кәсіпті қолға алғанына көп бола қоймаған. Жалпы жобалық құны 48 млн теңге болатын цехтың жұмысын бастамақ болған кооператив «Ауыл аманаты» жобасын естіп, жоба арқылы төмен пайызбен 27, 6 млн теңге қаражат алған.
Бүгінде цехта 6 адам жұмыс істейді. Жаз айларында 15 адамға дейін жұмыспен қамтып, өндірісті кеңейтуді көздеп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!