Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жол мәселесі шешімін тапты ма?

29.11.2023, 10:15 227

Мемлекеттік даму деңгейі жол сапасымен бағаланады. Бұл тұста Қызылорда облысының үлесі жоғары. Облыс аумағынан 810,5 шақырымы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 566 шақырымы Қызылорда мен Ақтөбе аралығындағы жолдың сапасына сала басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында тоқталды.

– Түркістан мен Қызылорданы байланыстыратын 244,5 шақырымы төрт жолақты, ал Ақтөбе облысына дейінгі ІІ-санаттағы 566 шақырымы екі жолақты болып салынған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облысқа жасаған сапарында бұл мәселе толық шешімін тапты. Президент күрежолдың Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығындағы 566 шақырымды 4 жолақты жолға ауыстыру жөніндегі жергілікті биліктің бастамасын қолдап, оны кеңейтуді тезірек бастау қажеттілігіне назар аударды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярға облыс халқын толғандырған мәселені бақылауға алуды тапсырды. Бұл жобаның жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу келесі жылдан басталатын болды, – деді Жәнібек Сыздықов.

Айта кету керек, аталған жоба аймаққа ғана емес, көршілес орналасқан облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: