Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұйытылған газдың құны біртіндеп қымбаттайды

20.11.2023, 15:00 277

HALYQLINE.KZ

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, -деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы сұйытылған мұнай газы литріне 5 теңгеге қымбаттайды.

«Энергетика министрлігі бағаны кезең-кезеңмен көтеруді жоспарлап отыр. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылда газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырады», – деді вице-министр Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бағаны көтеру жергілікті газ өңдеу зауыттарын жаңғырту, сондай-ақ газ өндіретін кәсіпорындардың шығынсыз болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

«Осы арқылы біз елдегі газ тапшылығын азайтамыз», – деді Жамауов.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: