Дәрігер:
– Сіздің ішіңізде жаңа өмір пайда бола бастады…
– Кешіріңіз, мен еркекпін ғой.
Дәрігер:
– Бұл бала туралы емес, асқазаныңыздағы аққұрт туралы айтып жатырмын!, – депті…
Иә, дәл солай, асқазанында құрты бар адамның семірмейтіні сияқты, ішіне жемқорлық секілді жегіқұрт түскен мемлекет ешқашан дамымайды, халқы байымайды.
«Аққұрт» асқынса, «жегіқұрт» болады. Рак ауруының қазақша баламасын терминология мамандары бірде «жегі» немесе «жегіқұрт ауруы» деп те аударған болатын. Қазақ қоғамындағы жемқорлық әлдеқашан асқынып, «рак»-қа айналып кеткен.
Дәлелі керек пе?
Дәлел іздемей-ақ қойыңыз… Күнделікті ақпаратқа шолу жасап отырсаңыз жетеді, төбе шашыңыз өзі-ақ тік тұрады!
Қазақ қоғамындағы «рак ауруын» емдеу үшін ракка айналған асқазанға ота жасап, оны түпқопара жұлып алып тастап, донорлық жолмен судай жаңа асқазан алмастыру керек сияқты. Басқа жолын көріп отырған жоқпын!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!