Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жапырақ та қорықпайды

02.10.2023, 8:50 429

HALYQLINE.KZ

Күз болды, жапырақтар түсіп жатыр, бір жапырақтан мен «Сен қорықпайсың ба?» деп «сұрадым»…

Жапырақ:

«Жоға, қорықпаймын ғой…

Көктемнен жаз бойы ерекше жақсы өмір сүрдім, жақсы көретін ағашыма нәр беру үшін жұмыс істедім…

Мен бұл пішінде үнемі бола бермеймін, жалпы мен біртұтас ағашпын ғой…

Топыраққа құлап түссем де, жақсы көретін ағашыма нәр бере беремін…

Сондықтан да ешбір уайымдамаймын…

Бұтақты тастап, жерге қарай ұшып бара жатқанда да мен қайта айналып тез кездесуге жазсын деп қол бұлғаймын», – деп жауап қайтарды…

Жел үрлеп тұрған сол бір салқын таңда әлгі жапырақтың бұтақпен қоштасып, тербеліп тұрған зәулім биік ағаштың құнарлы топырағына сіңу үшін жүзіп бара жатқанын көрдім…

Бақытты түрде билеп бара жатқан сияқты…

Басымды иіп оған құрмет көрсеттім…

Жапырақтан өте көп нәрсені түйсінгеніме іштей қатты риза болдым…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: