Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзбекстандағы жарылыстан 163 адам зардап шекті

28.09.2023, 16:10 296

HALYQLINE.KZ

Ташкенттің Сергелі ауданындағы қоймада болған жарылыстан 16 жастағы жасөспірім қаза болып, 163 адам зардап шекті.

Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мекеме мәліметінше, 24 адам ауруханаға түскен. Науқастардың бірқатарының жарақаты ауыр.

Қалған 138 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйге жіберілген.

28 қыркүйекке қараған түні Ташкент әуежайының маңындағы кеден қоймасында қуатты жарылыс болды, соңы өртке ұласты. Бұл жөнінде Өзбекстан билігінің мәліметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды. Жарылыстың салдарынан маңайдағы көп қабатты тұрғын үйлердің терезелері сынған.

Өзбекстан төтенше жағдай министрігі, кеден комитеті және өзге де мекемелеріне сүйенген Gazeta.uz сайтының жазуынша, жарылыс түнгі сағат 2:43-те Ташкенттің Сергелі ауданы Құрылысшылар массивінде орналасқан «Интер логистикс» компаниясының қоймасында болған. Жарылыстың салдарынан маңайдағы үйлердің терезелері сынып, үй іші бүлінген. Жарылыстың соңы өртке ұласқан.

https://t.me/Tashkent_land

Gazeta.uz жариялаған суреттерден маңында тұрғын үйлер орналасқан нысанның лаулап жанып жатқаны көрінеді. Маңайдағы кейбір үйлердің терезелері шағылып, үй іші едәуір қираған.

Ташкент уақытымен таңғы сағат 5-те өрт оқшауландырылған. Әлеуметтік желіде ұшақтың құлағаны туралы сыбыс тараған, мұны төтенше жағдай министрлігі терістеген.

Uzbekistan Airports компаниясы жарылыс Ташкент әуежайының жұмысына әсер етпегенін хабарлады.

«Ташкент халықаралық әуежайы қалыпты жұмыс істеп жатыр» деп жазылған мекеме хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: