Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шындық қашан жарқырайды?

27.09.2023, 17:10 306

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі сатира

Президенттің қабылдау бөлмесінде үшеу отыр: Жағымпаз министрі, Өтірікшілер министрі және Шындық. Жағымпаз жылы жымиып қояды. Қабылдауға қалайда кіретініне сенімді. Биліктің көлеңкесін құшақтады, туфлилерін сүртіп берді, көмекшінің иығына қонған масаны ұшырды… Президент алдында не мәселе көтеретінін де білмейді. Бар білетіні – жымиып, бас шұлғу беру. Көздерін жыпылықтату, мүләйімсу… Тағы не қалды өзі?

– Ия, елдегі жағдай қалай? Ел араладыңыз ба? – деп сұрады президент.

Жағымпаз басын шұлғыды, жылы жымиды.

– Сіз жағымпаздықты қойыңыз. Ол – жаман қасиет, – деген президентке ол басын шұлғыды.

– Әлде қоя алмайсыз ба? – деп сұрады президент.

Ол басын шұлғып, жылы жымиды. Президенттің туфлиін бет орамалымен сүртпек болып ұмтылды.

Өтірікші шенеунік те өзіне сенімді. «Біз бақытты елміз! Елде қайыршыларды итпен іздеп таба алмайсың, кедейлер жоқ, халық шетінен байып кеткен, кейбірі кедей болуға ниеттенсе де, қолдарынан келмей жатыр. Жемқорлықтың тамырынан қан шығып кеткен!», – деп ол да мәз болып шықты.

Шындық қана Елбасыға кіре алмады. Оны биліктегі «билеп» жүргендер: «Біздің елде шындық жоқ!» дейсіз өзіңіз… Сіз жоқсыз. Жоқ бола тұрып, қалай кіресіз? Алдымен «бар» болып келіңіз», – деп шығарып салды.

Шындықтың айтары көп еді! Айналайын,. Шындық-ай, қашан жарқырайды екенсің?

Мұхтар  ШЕРІМ,

Шымкент  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: