Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пандемия: Әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай аталып өтеді?

05.05.2020, 10:21 953

HALYQLINE.KZ –|   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында коронавирус пандемиясына байланысты әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай атап өтілетінін мәлімдеді.

– Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу ар­қылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенін көрсетеміз. Сон­дық­­тан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын. Абай өзінің «толық адам» тұжы­ры­мын мирас етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолындағы қайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ойшылдардың әділдік пен ізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі. Мерейтойлар аясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбір жобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлық шаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурс­тарда да кеңінен насихатталады,- деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: