Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ахметбек Нұрсила: Депутаттық мандатыңызды өткізіп беруді талап етеміз!

15.09.2023, 15:07 532

HALYQLINE.KZ

Елімізде діни мектептер ашылуы керек, оны жартылай мемлекет қаржыландыру керек деп мәлімдеген депутат Айгүл Құспан Талғат Рысқұлбековты  жақсы танитынын, оның позициясын қолдайтынын айтты.

Бұл сөз өз кезегінде қоғам тарапынан өте үлкен қарсылыққа ұласуда. Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила депутатқа үндеу жолдады.

«Құрметті Айгүл Құспан ханым! Сіз қатардағы адамдардың бірі емессіз. Сіз еліміздің тағдырын шешетін ең жоғарғы органда Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымысыз. Сіздің Талғат Рысқұлбековтың не айтып, не қойып жүргенінен хабарыңыз бар. Егер сіз оның барлық позициясын құптап, онымен ниеттес болсаңыз, сіздің халық қалаулысы (депутат –авт.) болуға құқығыңыз жоқ. Біз халық болып сіздің мандатыңызды өткізіп беруді талап етеміз!» – деді ұлт жанашыры.

Ал, Нұржан Жолдыбекұлы Айгүл Құспан ханымның комитетті басқаруына қарсы болумен қатар, бірнеше депутаттың мұртсыз сақал қойғанын байқап, олардың ақидасы тексерілу керек деп есептейді.

«Сәләфи көзқарастағы адамдың  Мәжіліс ішіндегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқаруына қарсымын!

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қошановқа!

Байқасам, бірнеше депутаттар мұртсыз сақал қойыпты.  Яғни, олардың дінге қатысы барлары анық!  Діндегі адам зайырлы ел заңынан шариғат заңын жоғары қояды.  Демек, тәуелсіз ел парламенті қабырғасында болып жатқан «құпия» кеңестер: қабылданбақ заң нормалары барша мұсылман әлеміне, оның ішінде радикал көзқарастағы Талғат Рысқұлбек пен оның өзі айтып отырған 300 солдаты сияқты радикалды топтарға жария болуы мүмкін деген сөз.  Діндегі ағайын сырын сіз бен бізден жасырғандарымен, діндес бауырлары арасында құпия жоқ. Оған себеп мынандай сахих хадистер!:

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген (имам Бұхари, Мүслим – Н.Ж.). Мемлекет қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы тиіс!

Парламентте отырған сақалды депутаттардың «ақидасы» тексерілсін!» деді ол.

Видеодан Айгүл Құспанның Талғат Рысқұлбековты қолдайтыны мен Рысқұлбековтың айтқан сөздерін тыңдауға болады.

Пікірлер:
  • Ия! Өте дұрыс айтты Ахметбек Нұрсила ағамыз,мен 100% қолдаймын!☝️ Өйткені ертең сол сақалды депуттатар басқа діни заң шығарып жіберіп елімізге қауіп қатер тұдыратын Ирак,Иран,Ауғанстан сияқты күн кешіп қалмайық!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: