Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында электр желілері мен қосалқы станциялар жаңартылуда

08.09.2023, 17:35 190

Биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен қаламызда ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Солардың қатарында электр желілері мен қосалқы станцияларды жаңарту шаралары да бар. Нақтыласақ, осы жылға тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 1 жарым млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, оған 136,2 шақырымды құрайтын жаңа электр желілері жүргізілді.

Жалпы, электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қаланың 3 аумағында, яғни Қызылжарма, Тасбөгет және орталық аудандарындағы электр тораптарында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Қазіргі таңда, «Қызылорда қаласындағы 10/0,4кВ электр желілерін қайта жаңғырту» бағдарламасы бойынша 10кВ 21 шақырым мен 0,4кВ 10 шақырым кабель желісі ауыстырылуда. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласының орталық аймақтары, Шұғыла, Арай, Сәулет, Әл-Фараби, КБИ мөлтек аудандары мен Қызылжарма ауылдық округінде барлығы 35 дана заманауи қосалқы станция орнатылып, іске қосылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының орталық аймақтары, ДЭУ, Универсам, Южный, Ақмешіт, Ипподром, Шанхай мөлтек аудандары мен Гагарин, Титов қыстақтарында 10/0,4кВ кірпіштен қаланған 25 дана қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: