Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа терминалдың құрылысы қарқынды

31.08.2023, 17:30 184

Қызылордада биыл наурыз айында халықаралық әуежай терминалының іргетасы қаланған еді. Осы күндері ”Болат Өтемұратов қорының” демеушілігімен басталған «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы құрылысы қарқынды жүргізілуде.Құны 15 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі жаңа нысанның жалпы аумағы – 3,9 гектар.

Терминалда жолаушылардың жайлылығы үшін халықаралық стандарт талаптарына сай барлық жағдай қарастырылған. Мұнда жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету үшін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қойылады. Сондай-ақ тіркеу орнының аймақтары, жалпы күту залы, билет кассаларының дүңгіршектері, қоғамдық тамақтану орындары, дербес тіркеу тіректері, намазхана, ана мен бала бөлмесі, трансферлік жолаушыларға арналған зал болады.

Нысан 2024 жылдың мамыр айында ел игілігіне беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: