Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзбек блогерінің аяусыз азапталғаны хабарланды

21.08.2023, 12:00 265

HALYQLINE.KZ 

Өзбекстанда тамыз айының басында «жеке адамның өміріне қол сұғу, ірі көлемдегі алаяқтық жасау» секілді баптар бойынша 7 жыл 3 айға сотталған блогер Абдукодир Муминовтың тергеу кезінде азапталғаны белгілі болды. Бұл туралы «Азаттықтың» өзбек қызметіне блогердің анасы Сабохат Абдуллаева хабарлаған.

«Олар баламды жертөледе аяусыз тепкілеген. Жыныс мүшесін тепкілеген. Азаптау кезінде ол есін жоғалтқан, өзіне келгенде, тағы азаптаған. Ұлыммен кездескенде, ол маған осының бәрін айтып, тірі болғанның өзі қандай керемет деді», – дейді блогердің анасы.

Сабохат Абдуллаеваның сөзінше, ұлын азаптау арқылы жалған куәлікке қол қойғызған.

Биыл ақпан айында елдің бас прокуратурасы блогердің азапталғанын теріске шығарған.

33 жастағы Абдукодир Муминовтың Ko’zgu («Күзгі») ютуб каналы бар. Оған 247 мың адам жазылған. Блогер қазіргі президент Шавкат Мирзияевті ашық сынап келген. Ол президенттің күйеу балаларының бизнесі жайлы зерттеу жүргізген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: