Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ жолдарынан 290 ақау анықталды

28.07.2023, 12:50 211

HALYQLINE.KZ Биыл жергілікті жолдардың құрылысына айрықша көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, аудан, ауыларалық жолдар жаңғырып, қаланың шет аймақтарына да жаңадан асфальт төселіп жатыр. Осы орайда, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының мамандары өткен 6 айда жергілікті салынып жатқан жолдар бойынша 169 рет жылжымалы зертханамен тексеруге шықты. Ішінара зерделеу барысында 811 дана сынама алынып, нәтижесінде 290-ны белгіленген нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Яғни, жол құрылыс материалдарының 30 пайыздан астамы сапаға сәйкес емес. Ал жолдарды аспаптық тексеру кезінде 106 ақау анықталып, мамандардың талап-ұсынысымен соның 36-сы қайта түзетілді. Қалған 70 олқылық бойынша тиісті жұмыстар атқарылу үстінде. 

   «Жалпы филиал тарапынан берілген сын-ескертпелердің нәтижесіндемердігерлер 187 миллион теңгенің жолын талапқа сай қайта салды. Оның ішінде 450 м2 жолдың астыңғы қабаты, 5739 м2 көпірлер мен құрылымдар 118 м2 және 1759 тонна инертті материалдар. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге анықталған кемшіліктер бойынша хаттар жолданып, жаңа жолдардың сапасына ұдайы бақылау жүргізіп отырмыз», – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерболат Көштаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: