Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адалдық

22.07.2023, 12:00 167

HALYQLINE.KZ

Бір ұстаздың жас шәкірті болыпты. Ұстаз оған айрықша сый жасап, басқалардан артық санайтын. Шәкірттерінің кейбіреулері: «Біз одан ересек болсақ та неге оны айрықша өбектейсіз?» деп наразылық танытады. Сонда ұстаз бірнеше кұс алдырып, әрбір шәкіртіне бір-біреуден беріп: «Әрбірің ешкім көрмейтін жерге барып, құстарды бауыздап маған әкеліңдер!» дейді. Сүйікті шәкіртіне де бір құс пен пышағын беріп басқаларға айтқанын оған да айтты. Өзге шәкірттерінің барлығы қолдарындағы құстарын бауыздап ұстазына алып келді, ал жас шәкірт құсын бауыздамай қайта алып келді. Ұстаз оған: «Басқа жолдастарың секілді сен неге құсты бауыздап әкелмедің?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ешкім көрмейтін жерді таба алмадым. Өйткені, Алла мені барлық жерде көріп тұр!» деп жауап қатады. Өзге шәкірттер бұл сөзді естіп таңырқап ұстазына: «Сіздің жас шәкіртіңіз бұдан да мол сый-сыяпатқа лайық екен», – дейді.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: