Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биылғы бірлік күні бұрынғыдан өзгерек…

30.04.2020, 11:39 822

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құра­мында 400-ге жуық мүше бар. Парламент Мәжілісіне  Қазақстан  халқы Ассамблея­сынан  сайланған  9 депутат  еліміздің барлық этностары­ атынан өкілдік етеді. 30 жыл­ға  жуық  уақыттан бері елмен етене, халықпен қатар жасасып келе жатқан аталмыш Ассамблея­ бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Мемлекеттік орган­дарға экстремизм мен радикализм көрініс­теріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демок­ратия  нормаларына  негізделген  саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуіне, сақ­талуына және дамуына үлес қосып келеді. Осы  тұрғыда  Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық татулық­  пен қоғамдық келісімнің ерекше моделін­ қалыптастырудағы ерен еңбегін айрық­ша атап өтуге болады. Облыста жыл сайын­  1  мамыр – Қазақстан  халқының бірлігі  күні  айрықша  аталып өтетін. Бірақ биылғы  бірлік  мерекесі  бұрынғыдан  өзгерек.­  Неге?

ONLINE – МЕРЕКЕ

Өзгерек деуге өзек болып отырған – елдегі төтенше жағдай. Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мерзімін 11 мамырға дейін ұзартты. Осыған орай биылғы мереке, жиын-тойларға да жаппай тыйым салынды. Аймақтағы іс-шарал­ар карантинге орай қысқарды. Биылғы бірлік мерекесі онлайн режимде  ұйымдастырылмақ.

Бүгінде облыстық ассамблеяның құрылымдары қатарына 11 этно­мәдени, аудандарда 6 этнобағыт­талған бірлестіктер, 118 аналар кеңес­і, 165 қоғамдық келісім кеңе­сі, 1 ғылыми-сарапшылық тобы, 1 медиация кабинеті кіреді. Мұнымен қоса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ас­самблеясы» кафедрасы, депутаттық және кәсіпкерлер тобы, журналистер мен сарапшылар клубы, «Жаң­ғыру  жолы» жастар қозғалысы бар. Алайда бұл аталған бірлестіктер мен ұйымдар биыл тек онлайн шаралардың ғана ұйытқысы болмақ.

Сонымен, биыл Қызылорда облы­стық Қазақстан халқы Ас­самблеясының ұйымдастыруымен екі күндік онлайн іс-шаралар жос­пары бекітіліпті. Яғни 30 сәуір – 1 мамыр күндері бұқара бірлік тойыны­ң мерек­елік бағдарламасын онлай­н көре алады. Шараның ал­ғаш­қы күні «Елбасы және Қазақстан тарихы», екінші күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» және «Қазақстан  халқы Ассамблея­сына 25 жыл» тақырыбы аясында көрсетілмек. Мереке күндері «Facebook», «You­Tube» желілері арқы­лы Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіхалықо­ва­ның бейне­құттықтауы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының әріптестік байланыстағы шет мемлекеттер өкілдерінің, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерекел­ік  пікір­лері, лебіздері  берілмек.­

ҚОЛДЫ   БАЙЛАҒАН   КАРАНТИН

Облыстағы 11 этномәдени бір­лестік этносаралық келісімді ны­ғайту, Қазақстан халқы мәдение­тінің өзара жан-жақты дамуы мен ұлттық салт-дәстүрлерін  жандандыруды, жастарды отансүйгіштік пен толеранттылық  рухта тәрбиелеуді мақсат етеді. Олар республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі түрлі шаралар өткізеді. Сонымен қатар облыстық ассамблеяның қолдауымен өзде­рінің ұлттық «Наурыз», «Сабан­туй», «Масленица», «Соль­наль»,  «Рош-а-Шана», «Остерн» және өзге де  мерекелерді  тұрақты  түрде өткізуді  дәстүрге  айналдырған еді. Бір  шаңырақ  астында  біріккен ұлт өкілдері  бірлік күнін де жыл сайын жоғары деңгейде атап өтетінін көзіміз көріп жүр. Бірақ өкінішке қарай, биыл барлық бірлестіктер, ұйымдар мен қауымдастық  өкіл­дері «мерекені тойлауға мүм­кіндік  болмай  отыр»  дейді.

Мәселен, «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігі 1995 жылы құ­рылған. Төрағасы – Сайдселим Абдра­хманович  Хазуев.

–  Биыл  өкінішке  қарай, ешқандай мерекелік іс-шараны ұйымдастыра алмай отырмыз. Карантин қолымызды байлап отыр. Әйтпесе, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі  күнін  жыл сайын өз деңгейін­де өткізіп шығатын­  едік. Келесі жылы мерекені жақсылап атап өте­міз деп ой­лаймын, – деді «Вайнах» шешен этномәден­и  бірлестігі  жетекшісінің орынбасары  Юсуп  Саидов­.

Бірлестік шешен халқының мәдениеті күнін, депортация құр­бандарын еске алу кешін тұрақты өткізіп тұрады. Сонымен қатар, «Игілік» қорынан бөлінген қаржы негізінде шешен бейітін қалпына келтіру жобасын іске асырды. Қазіргі таңда бірлестікте 60 мүше мен  16  белсенді  бар.

Бізбен бір туған қырғыз ұлтының өкілдерінен құралған этномәдени бірлестік те белсенділіктерінен танға­н емес. Қазір аймақта 200-ден аса қырғыз этносы бар.

– Қырғыз этномәдени бірлестігі қырғыздың «Манас» жырына, көр­некті  жазушы  Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына арналған тақырыптық  кештер  ұйымдастырып жүр. 2011 жылдан бастап әрдайым қырғыз халқының өкіл­деріне сүйеніш болған қазақ хал­қына алғыста­рын жеткізу мақса­тында «Рахмат» қайырымдылық акцияс­ын  өткізіп  келеді. Бірлестікте 25 мүше мен 10 белсенді бар. Биыл енді мерекені онлайн өткізуді қолға алып жатыр. Бұл бір уақытша дүние шығар деп ойлаймыз, – деді Қызылорда облыстық қырғыз этномә­дени  бірлестігінің  төрағасы Сақтапберген  Жұбатқанов.

ЖОБАЛАРДЫ   ЖҮЗЕГЕ  АСЫРУ   ЖАЛҒАСАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолға алған «Қазақтану» жобасы біздің өңірде белсенді жүзеге асырылуда. Жоба ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ре­тінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын дәріптеуге, сондай-ақ Қазақстан этностарының арасында «Рухани­ жаңғыру» бағдарламасының жобал­арын ілгерілетуге бағытталған. Сондай-ақ үшінші жыл қатары­нан облыстық ассамблея аймақт­ың тарихи-мәдени мұра­ларына экс­педициялар өткізіп келеді­. Ағымдағы жылы «Қазақс­танның  киелі  жерлерлерінің геог­ра­фиясы» жобасы бойынша «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспе­дициясының екі кезеңі өтті. Экспедиция құрамына түрлі этностардың аз қамтылған және көпбалалы отбасы­ларының балалары енгі­зіліп, оларға облыстың тарихи-археоло­гиялық ескерт­кіштері танысты­рылды. Бұдан бөлек  қазір «Достық үйінде» тілдер­ді оқыту кабинет­і жұмыс істейді. Онда мемлекеттік және ағылшын тілдері оқы­тылуда. Осы уақытқа дейін 100-ге жуық білім алушы мемлекет­тік  тіл бойынша білім­дерін кеңейтті. Этнос өкілдері арасында «Мәміле» қазақ тілі клубы арқылы­  сөйлеу  шебер­лігін  арттыру­ жұмыстары  қолға  алынған.

ТҮЙІН. Бұл Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблея­сы  тарапынан атқарылған істердің  бірқатары ғана.  Еліміздегі  ұлттар  мен ұлыстардың бірлігі мен тату­лығын  көрсететін берекелі мереке биыл онлайн тойланса, келесі жылы қайтадан қалыпты күйде аталып өтеді деген сенім бар. Бейбіт елдің осы тыныштығы бұзылмаса, бір шаңыр­ақ астындағы халықтың той-жиыны түгесілмейтіні анық.

Әйгерім   НАЖМАДИН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: