«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы, қазір америкалық «Интер Майами» клубында ойнайтын Лионель Месси каталониялық «Корнелья» футбол клубының иесі атанды, деп хабарлайды Championat сайты.
Клубтың жаңа иесі туралы ақпаратты «Корнельяның» баспасөз қызметі ресми сайтында жариялаған.
«Бұл қадам – Мессидің «Барселонамен» тығыз байланысын растайды және оның Каталониядағы спорт пен жергілікті таланттарды дамытуға деген ниетін білдіреді. Ол «Барселонада» ойнаған жылдары қалыптасқан берік байланыс бүгіне дейін жалғасып келеді», — делінген клуб мәлімдемесінде.
Басылымның мәліметінше, «Корнелья» клубы 1951 жылы құрылған және Испанияның үшінші дивизионында өнер көрсетеді.
Команда 1500 көрерменге арналған «Ноу Камп Муниципаль» стадионында ойнайды.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Фото: img.championat.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!