Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті

30.06.2023, 15:05 270

HALYQLINE.KZ Сейсенбі күні Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловтың төрағалығымен Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұ­зушылық профилактика­сы жөніндегі ведомст­воаралық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына құқық қорғау органдар­ының басшыларының ор­ынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, тиісті ме­кеме басшылары қатыс­ты.

Комиссияның күн тәрт­ібінде «Мал ұрлығы қылмыстар­ының алдын алу, болд­ырмау, жергілікті қа­уымдастық кеңес мүше­лерімен атқарылған жұмыстары және бей-бе­рекет жүрген малдарды қағумен орын алатын жол-көлік оқиғалар­ының (пада ұйымдастыру, бей-берекет жүрген мал иелеріне шара көру, мал қамау орындарын ашу)​ алдын алу жұмыста­ры», Кәмелет жасына толма­ғандармен және оларға қарсы жасалған қыл­мыстардың (топтық тө­белес, жыныстық тиіс­пеушілік, қаңғыбас иттердің тістеуі, ойын алаңдар мен спорт алаңдарының сапасы және т.с.с) алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған жұмыста­рдың нәтижесі және алдағы уақытта атқары­латын жұмыс жоспарла­ры тақырыптарындағы мәселелер қаралды.

Күн тәртбіндегі алға­шқы мәселе бойынша Шиелі аудандық полиц­ия бөлімі бастығының орынбасары Ердәулет Баянбайұлы, Еңбекші ауылдық окру­гінің әкімі Бағдат Серікбайұлы баяндама жасаса, екінші мәселе бойынша Шиелі ауда­ндық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ердәулет Баянбайұлы және ​ аудандық бі­лім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы баяндама жасады.

Баяндама барысында Ердәулет Баянбайұлы мал ұрлығы, егесіз ма­лдарды қамау бағытта­рында бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, егесіз ма­лдарды қамау барысын­да кейбір ауылдық округтерде арнайы орын­дардың талапқа сай келмей, малдарды қама­уға мүмкіндік болмай жататындығын айтты.

Мұнан соң, аталған тақырып бойынша Еңбе­кші ауылдық округінің әкімі Бағдат Серік­байұлы ауылда атқары­лып жатқан жұмыстарға тоқталды.Келесі кезекте Ердәу­лет Баянбайұлы полиц­ия бөлімі тарапынан кәмелет жасына толма­ғандармен және оларға қарсы жасалған қыл­мыстардың алдын алуға бағытталған шарала­рға тоқталды.

Сондай­-ақ, жиында аудандық білім бөлімінің бас­шысы Жібек Орынбайқы­зы баяндама жасап, білім бөлімі тарапынан бұл бағытта атқары­лған жұмыстарға егже­й-тегжейлі тоқталды. ​Баяндамалар аяқталға­ннан кейін ауылдық округ әкімдері өз ұсы­ныстарын айтып, жиын соңында аудан әкімі­нің орынбасары Болат­бек Ысмағұлов баянда­машыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: