Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қашықтан оқытудан қашпаңыз!

30.04.2020, 10:27 737

HALYQLINE.KZ –| Жаңарған кезең, жаһанданған әлем, қарыштап  дамыған  технологиялар.  Иә,  бұл – бүгінгі күннің бет-бейнесі. Әлем алпауы­ттары саналған мемлекеттермен қатарласа тұрып, тереземіз тең, керегеміз кең болатын кезге де жақындадық. Қарумен емес, қауырсын қаламмен басқары­латын жүйеге көштік. Неге олай? Білесіз бе? Себебі бүгінгінің сұранысы сол, ақпараттың қарыштап дамыған заманында жаңа технологияларды біліп, қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасау да үлкен тәжірибені қажет  етеді.

Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполис­тердің  карантинге  жабылуы, жұмыстың   тоқтауы,  қоғамдық  шаралардың кейін­ге  шегерілуі – бәрі біздер үшін күт­пеген жаңалық­. Ал, ең үлкен өзгеріс – мек­тептер  қашықтан  оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болып тұр. Көкейде­ сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам  жасау  маңызды.

Білім беру ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал, қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы, нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Десе  де, қашықтан оқытудан қашпауға кеңес­  беремін!

Қашықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыға­н елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да – бір жаңа белес, жаңа шың. Осы орайда қашықтан оқып, білім алып жүрген жас, Арал ауданы, Қамыстыбас елді меке­ніндегі №21 орта мектептің бітіруші түлегі Асылбек Оңғарбекпен «онлайн оқушының» бір күні қалай өтетіні туралы аз-кем тілдескен  едік.

– Асылбек, халің  қалай? Қашықтан  оқыту жүйесіне көшкеннен бері өзіңде жаңа дағды қалыптасты  ма?

– Жаңа оқу жүйесі: жаңа талап, жаңа бағыт­, жаңа көзқарас. Әрине, бұл жүйеге көшкен барша адамда жаңашылдық қалыптасты деп білемін. Соның бірі – күннің жартыс­ын ұялы телефон не компьютерде өткізу. Бұрын барып-келіп жүретін мектепті үйге ауыстыру. WhatsАpр желісі арқылы білім алудамыз. Бұл жүйемен білім алу өте тиімді. Егер  өткен  сабақты түсінбей қалсам, аудиожазбаны қайта тыңдап, есіме дұрыстап  сақтап  алуыма  болады.

– Қалай ойлайсың, үйде отырып сабақ оқу сіз  үшін  тиімді  ме?

– Шынымды айтсам, мектепке барып сабақ оқығанға жетпейді. Алайда «Ең жақсы мектеп – өмір мектебі», – депті Иоганн Вольфганг фон Гёте. Сондықтан «барға қанағат, жоққа сабыр етуіміз» керек. Бастысы – елдің амандығы. Меніңше, қазіргі таңда жоғарғы сынып оқушылары білім жүйесін дұрыс игере алды. Бастауыш сынып болса, ата-аналарының, аға-апаларының көмегіне жүгінеді. Тағы айта кететін жайт, онлайн оқыту жүйесінің артықшылығы – оқушы өз бетінше ізденіп, үйренеді, кемшілігі – денсаулыққа зиян тигізеді, төменгі сынып оқушылары бар отбасылар әуреге түседі, әр баласына көмектесу де оңай емес… Кейбі­рін­де ұялы телефон жетіспейді, бірінде интерн­ет  желісі  нашар  дегендей…

– Бұйырса, биыл мектеп бітіресің. Сеніңше, алдағы  мектеп  бітіру кеші, ҰБТ-ға дайын­дық  өз  деңгейінде  ме?

– Әрине, иә. Барлық бітіруші түлек санасы­нда «бізге келгенде осындай болып  қалды ма?» деген түсінік қалыптасты. Үлкен әсерін тигізуде. Үйде ата-анаң болсын, бауырл­арың болсын, әр жерге жұмсап жіберед­і. Мен өзім физика-математика пәндерін таңдап, соған дайындалып жатырмын. Болашақ машина жасау инженері болғым­ келеді. Өзім оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылыққа 100 пайыз дайынмын. Қазақстан тарихына 90 пайыз. Тек осы таңдау пәндерім ғана сәл алаңдатып тұр. Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп бекер­ айтпаса керек. Біз үшін күні-түні аянбай­ еңбек етіп, тапсырмаларды уақы­тылы жіберіп, үнемі қадағалап отыратын ұстаздарыма  бас  иіп, алғыс  айтамын!

– Саған да рақмет, Асылбек! Ахметше айтсақ­: білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. Алдағ­ы  сынақтан  сүрінбей  өтуіңді  тілеймін.

Әңгімелескен  Гүлдана  АСАНЖАНОВА,

Қорқыт  ата  атындағы 

ҚМУ-дың  студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: