Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай облысындағы өрттен қайтыс болғандар «Құрмет» орденімен марапатталды

12.06.2023, 12:25 537

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрт салдарынан қайтыс болған 14 адамды «Құрмет» орденімен марапаттады.

Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс жиекте) өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған.

Өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін 14 тікұшақ тартылған. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет су төгілген. Төгілген судың көлемі 2000 тоннадан асқан.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

Тоқтасын Серікжан
Бақытбекұлы (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері
Жиенбаева Мейрамгүл
Құсайынқызы (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы
Губаев Алексей
Григорьевич (марқұм)
– «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы
Начинёнов Константин
Сергеевич (марқұм)
– «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы
Нұржігітов Саят
Нұржанұлы (марқұм)
– «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы
Сидорин Виктор
Александрович (марқұм)
– «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы
Сидорин Александр
Викторович (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы
Фоминых Максим
Владимирович (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы
Гражданкин Петр
Александрович (марқұм)
– «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі
Пузырев Сергей
Николаевич (марқұм)
– «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының орман өрт сөндірушісі
Дарибаев Александр
Викторович (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Жерновка орманшылығының тракторшысы – машинисі
Ганьшин Даниил
Евгеньевич (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі
Пузырев Николай
Иванович (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі
Дүйсембаев Амангелді
Спатайұлы (марқұм)
«Семей орманы» МОТР» РММ  Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.

Орман өртіндегі адам шығынына байланысты 12 мамыр жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қазірге дейін 60 мың гектардан аса жерді өрт басқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: