Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

23.05.2023, 10:00 338

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуын тексерген облыстық инспекциялық топтың қорытындысы, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердегі және Арал, Қазалы аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің жай-күйі қаралды.

– Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы әрі ажырамас бөлігі. Халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, азаматтық бірегейлігін бейнелейтін атрибуттар. Сондықтан, әрбір азамат Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қадірлеуге міндетті. Өздеріңіз білесіздер, облыстық инспекциялық топ жылына 2 рет осы мақсатта зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Кеңесте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов облыстық инспекциялық топ аймақтағы 241 мемлекеттік мекемені тексергенін айтты. Сондай-ақ облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталуы туралы басқарма басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов, Арал, Қазалы аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша аудан әкімнің орынбасарлары К.Бержанов, Д.Тлеумбетов баяндама жасады. Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Комиссия төрағасы Нұрымбет Аманұлы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын түсіндіру бойынша жаднамалар, инфограммалар, буклеттер, флаерлер әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалап, оларды ауыстыру үшін мемлекеттік тапсырыс аясында уақытылы қаражат бөлінуі қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: