Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан мен Қытай визасыз режимге қол қойды

18.05.2023, 8:40 358

HALYQLINE.KZ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында 23 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде екі ел арасында визасыз режим енгізу келісімі де бар. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Келісім азаматтарға 30 күнге визасыз жүруге мүмкіндік береді.
Бұл уақытта 17 мамырда Алматыда тіркелмеген «Атажұрт» партиясының өкілі Бекзат Мақсұтханұлы ұсталды деп хабарлады оның адвокаты Шынқуат Байжанов.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, Мақсұтханұлы оған Әуезов аудандық полиция басқармасында әкімшілік сотты күтіп отырғанын айтқан. Әлеуметтік желіде Мақсұтханұлының жақтастары тіркелмеген партия жетекшісін дереу босатуды талап еткені байқалды. Олардың кейбірі «мұның астарында Қытайға жағыну жатыр» деп есептейді.
Бұған дейін Бекзат Мақсұтханұлы Nagyz Atajurt Kazakh Human Rights ұйымының YouTube-арнасында 17 мамырда митингіге шығатынын мәлімдеген. Митингіде Қазақстан мен Қытай арасында «визасыз тәртіп енгізу туралы» Қытайдың Сиам қаласында қол қойылуы мүмкін келісімге қарсылық білдіретінін айтқан Мақсұтханұлы митинг өткізетінін бұған дейін әкімдікке хабарлағанын, рұқсат етілмейтіні туралы хат алмағанын жариялаған.
Тоқаев 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және Сиань қаласындағы құрлық портында Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне, 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Тоқаев Сиань қаласындағы Қазақстан бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне де барады.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: