Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Індеттің шарықтау шегі өткен жоқ

27.04.2020, 11:27 640

HALYQLINE.KZ –| Бүгін ел президенті коронавирусқа қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Бірқатар мәселелер ашық айтылған ресми хабарламаға халықтың елең ете қалғаны анық.

Үкімет пен құзырлы органдардың міндеті – қаржының тиімді жұмсалуын және осы үдерістің барынша ашық болуын қамтамасыз ету.

Қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды. Қалыптасқан ахуал әлі де күрделі.

Коронавирус бүкіл әлемді жайлап келеді.

Вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш өсіп бара жатыр.

Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал.

Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар.

Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп.

Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда.

Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет.

Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Онсыз болмайды.

Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін.

Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз.

Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет.

Мұны бүкіл әлем мойындап отыр.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың

мәлімдемесінен (27.04.2020) үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: