Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкімет: Ірі мұнай-газ компаниясы жеке меншікке арзан бағада сатылып кеткен

25.04.2023, 10:25 296

HALYQLINE.KZ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды.

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды.

Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады.

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: