Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ студенті Украинада соғыста жүр

21.04.2023, 15:53 483

HALYQLINE.KZ Қазақстанның Ресейге оқуға кеткен студенті Марғұлан Бекенов «Вагнер» қатарына қосылып, Украина әскеріне қарсы соғысқа аттанған.

Томскі мемлекеттік университетінің студенті 20 сәуір күні кешкілік видео жариялап, өзінің жағдай жақсы екенін, «Вагнер» қатарында әскери операцияға көмектесуге өз еркімен барғанын хабарлады.

Азаттық радиосының мәлімдеуінше, жас баланы соғысқа күштеп алып кеткен. Анасы Альмира Бекеонва ұлын майданға 12 сәуір күні жіберген.

«Наурызда ол Томскіден аяқ астынан Краснодар аймағына кеткенде қатты таңғалдық. Ол қызыма кеттім деді, кейін белгісіз біреулер оны ұрлап әкетіп, «Вагнер» тобына қосқаны анықталды. Онымен Молькино хуторында кездесуге мүмкіндік алдым, ол жердің бәрінде «вагнерліктердің» плакаты ілулі тұр. Ұлыммен дұрыстап сөйлесуге мүмкіндік берген жоқ, жағдайы нашар, бірақ ол ешқандай келісімшартқа қол қоймадым деп отыр» дейді Бекеновтің анасы.

– Бізде бар мәлімет бойынша, бұл азамат «Вагнер» жеке әскер тобымен ерікті түрде келісімге қол қойған. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұл азаматтың туыстары қайырылған соң, Ресейдің тиісті органдарына сұрау салды. Ақпаратты тексеріп жатырмыз. Консул азаматтың туыстарымен байланыста, – деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

«Вагнер» – Евгений Пригожинге тиесілі жеке әскери бөлім. «Вагнерліктер» Сириядағы, Африка елдеріндегі және Украинадағы соғысқа қатысып жатыр. Сарапшылар «Вагнер» тобының көп әрекетін әскери қылмысқа жатқызады. Пригожин өзінің жеке әскери бөліміне Ресей түрмелерінде отырғандарды, Орталық Азиядан келген мигранттарды қосып алған.

Қазір «Вагнерлер» Украинаның Бахмут қаласындағы ауыр шайқасқа қатысып жатыр. Украинадағы соғыста олар көп шығынға ұшырағаны айтылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: