Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Картограф – маңызын жоғалтпаған мамандық

20.04.2023, 20:25 392

Мамандық – бұл белгілі бір дайындықты, белгілі бір білім деңгейін, арнайы дағдыларды қажет ететін және сонымен бірге табыс көзі ретінде қызмет ететін адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау – бұл адамның өмірдегі ең маңызды шешім, өйткені әркім жұмыстың өз мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуін, қуаныш әкелуін және лайықты төленуін қалайды.

Мамандық өте көп, қазіргі заман талабына сай қалыптасқан жаңа мамандықтар да қаншама? Көне болса да, өз қажеттілігін жоғалтпай, сұранысқа ие болып келе жатқан мамандықтың бірі – картограф мамандығы.

Қазіргі әлемдегі карталардың санын санауға болмайды, өйткені кез келген құбылыстың, процестің немесе объектінің картасын жасауға болады. Мұны кім жасайды?  Әрине, картограф.

 Картограф немен айналысады? Картограф – түсірілім материалдары, өлшеу, графикалық, цифрлық және мәтіндік фотографиялық, деректер негізінде әртүрлі мақсаттағы және масштабтағы түрлі-түсті және ақ-қара карталарды жасайтын маман. Геологиялық, географиялық, климатологиялық, зоологиялық, тарихи, этнографиялық, экономикалық, тарихи, әскери және басқа табиғи үдерістер мен экологиялық жағдай карталарын жасап қана қоймай, картодиаграммалармен, картодиаграммалармен немесе картографиялық проекциялармен айналысады. Картограф ғалымдар карталарды жасаудың жаңа әдістері мен тәсілдерін, картографиялық ақпаратты жинау мен талдаудың заманауи технологиялық әдістерін жасайды.

Картаны жасау үшін картографтар ұшақтардан немесе тікұшақтардан, сонымен қатар ғарыштық зондтардан, спутниктерден түсірілген аэрофототүсірілімнің соңғы деректерін, дадалық зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пайдаланып, өңдеп, жаңа картматериал жасап шығарады.

Кәсіби маман болу үшін маман қағаз картаны және өзге де графикалық схемаларды қолмен жасауға, табандылық пен үлкен шыдамдылыққа, қырағылыққа,  жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа, жоғары ойлау қабілетіне, сондай-ақ   геодезия, топография және география, математика және информатика саласы бойынша білімді болуға,  арнайы картографиялық компьютерлік бағдарламалармен, мамандандырылған техникада жұмыс істей білуі қажет.

Бұл мамандық бойынша білім беретін оқу орнының бірі, әрі бірегейі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетіндегі  «Геодезия және картография», «Геоинформатика» «Табиғи-техногенді қауіп-қатерлер» сияқты білім беру бағдарламалары.

Бағдарламалар бойынша мамандар үш деңгейде: бакалавриат, магистратура  және докторантура даярланады. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында факультетте жеткілікті деңгейде жабдықталған материалдық-техникалық база, білікті мамандар, практика базалары бар. Білім алған жас мамандар құрылыстан бастап IT логистикаға дейінгі әртүрлі салаларда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, қауіпті табиғи үдерістер мен құбылыстарды зерттейтін және техногендік және экологиялық қауіптерді залаласыздандыру мақсатында еңбек ететін маман болып шағады.  

Картограф мамандығы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Алайда, егер өткен ғасырдың соңына дейін карталар тек қағаз түрінде, содан кейін цифрлық технологияларды тарату арқылы олар электронды форматқа ие болды. Заманауи мамандар жұмыста әртүрлі техникалық құралдарды пайдаланады және басқа сала  сарапшыларымен біріге отырып жүмыс істейді.

Қорытындылай келе, осы мамандықтың қажеттілігін жылдар өткен сайын ұлгаятынын атап өткен жөн. Картографтар жаңа жерлерді ашу, саяхат және технологиялық даму салаларының таптырмас мамандары болды және болып қала бермек.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география

және табиғатты пайдалану факультеті

картография және геоинформатика

кафедрасының аға оқытушылары

Кожахметова У.К., Тумажанова С.О.Турапова Р.О.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: