Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Салық саласында 23 мыңдай бұзушылық анықталды

19.04.2023, 9:20 302

HALYQLINE.KZ

Прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың заңсыз тәжірибесін тоқтатты.

Салық кодексі бойынша салық бұйрықтары салық төлеуші – кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан 1 АЕК-тен астам мөлшерде салық берешегін өндіріп алу кезінде шығарылуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар олар қайтыс болған адамдарға, мүгедектерге қатысты, сондай-ақ хабарлама берілмей шығарылмайды.

Осыған қарамастан, аталған санаттағы адамдарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары заңсыз бұйрықтар шығарып, кейіннен берешекті өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, атқарушылық іс жүргізуді қозғаған.

Нәтижесінде, шоттарға тыйым салынғаннан кейін кәсіпкерлер қарызды төлеп қана қоймай, сот орындаушылардың жұмысына ақы төлеуге мәжбүр болған.

Мысалы, Алматы қаласында ЖК «H.» 430 мың теңгені өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылған.

Сот орындаушысы кәсіпкердің банктік шотына тыйым салып, бұл оның қалыпты жұмысына кедергі келтірген.

Прокуратура актісі бойынша салық бұйрығының күші жойылды, шектеу шаралары алынып тасталды, ал атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Жалпы республика бойынша 23 мың осындай бұзушылық анықталды.

Сондықтан Бас прокуратура Үкіметке нақты ұсыныстармен ұсыну енгізді.

Нәтижесінде қадағалау актісі бойынша 21 мыңнан астам салық бұйрықтары жойылды, 13 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің ақпараттық жүйесін (ҚР БСАЖ) жаңғыртып, енді мұндай фактілер болмайды (бұйрықтар тек жеке тұлғаларға қатысты шығарылады).

Бұдан басқа 40-тас астам жеке сот орындаушысы және салық органдарының 19 қызметкері, оның ішінде 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Барлық мемлекеттік кірістер департаменттерімен және басқармаларымен салық бұйрықтарын шығару мәселелері бойынша түсіндіру семинарлары өткізілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: