Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

С.Жапаров әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты

14.04.2023, 12:18 314

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров  әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты.

 Әлеуметтік желілерде Президенттің Ош облысындағы өкілінің орынбасары Данияр Жанықұловтың пара алып жатқаны туралы видео тараған. Бұл кадрларда Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев та бар.

«Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Ош облысы басшылығының қызметін тексеру үшін тиісті комиссия құрылып, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды. Сондықтан бірқатар басшыларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді», – деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қырғызстан Президентінің өкімі бойынша, қызметінен босатылды:

–Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов;

–Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұлов;

–мемлекеттік әкімшілік басшысы – Ош облысы Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев.

Эльчибек Жантаев Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі болып тағайындалды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: