Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутаттар жаңаөзендіктердің ұсталуы туралы пікір білдірді

12.04.2023, 15:36 573

ҚР Бас прокуратурасы Астанаға  келген Жаңаөзендік 126 жұмысшының ұсталып, кейін бәрі болсатылғанын хабарлады.

Бүгін Парламент мәжілісінің отырысынан  соң «Азаттық» тілшісі депутаттардан Жаңаөзен келген жұмысшыларды арнайы жасақ күш қолдану арқылы ұстағанын көргенін не көрмегенін, бұл әрекетті қалай бағалайтынын сұрады.

«Азаттық» радиосында берілген видеоның жазбаша нұсқасын ұсынамыз.

Енді ол айтылды ғой. Комиссия барады, кездеседі. Қазір он адам қалды ғо, иә?  Келіссөз жүгізеді.  Аяғын тосайық.

– Сіз сонда келіссөз туралы видеоларды көрдіңіз да, жұмысшылардың күшпен ұсталғаны туралы көрген жоқсыз, иә? Наразылық болғанын…

– Жоқ

– Естіген де жоқсыз?

– Нені естуім керек?

– Ұсталған туралы ақпаратты естімедіңіз бе. Түнімен (сағат 3-ке дейін) әлеуметтік желілерде ұсталғандар туралы, ақпараттар видеолар шықты. Көрмедіңіз бе?

– Түнде ұйықтадым

Ерлан Саиров, мәжіліс депутаты:

–Барлығын ушықтырмай, ең бірінші Маңғыстау облысының өзінде шешу керек болатын.

Журналист: –Ұстауларды көрдіңіз бе? Полицияның, билік өкілдерінің  әрекетін қалай бағалайсыз? –Видеоларды көрдім. Әлімжеттік болды деп айтуға болады.

Нұртай Сабильянов, мәжіліс депутаты:

–Бұл азаматтарға мүмкіндік беріп, ешқандай да қудалауға ұшырамайтындай қылып істеуге болады. Ешқашан да бұларға қарсы іс-әрекетті істеудің қажеті жоқ.

–Полицияның әрекетін қалай бағалайсыз?

–Мен видеоларды көрдім.Жалпы бұл дұрыс емес. Мұндай күш қолдару болмау керек.

Нұрлан Әуесбаев, мәжіліс депутаты:

– Биліктің бұл әрекеті ұнамайды, мен оны ашық айта алам. Билік жұмысшылар мәселесін шешеді. Шешпесе біз бақылауға аламыз.

Азат Перуашев, мәжіліс депутаты:

– Күш келтіру болмау керек. Яғни адамдарды күштеп автобусқа салу деген ешбір адамға ұнамайтын нәрсе ғой.

Нартай Аралбайұлы, мәжіліс деутаты:

– Жұмысшылар мәжбүрлі түрде қайтарылды деген сөзді естіген жоқпын. Өйткені белсенділердің өздері түнде бостандыққа шыққанын айтты. Азаматтардың бірқатарын ұшақпен, бірқатарын пойызбен қайтарылды деп жатыр.

Ішкі істер құрылымы неге бұндай қадамға барды деген сұрақты министрліктің өзі айтуы керек.

Руслан Берденов, мәжіліс депутаты:

– Дұрыс емес. Республика партиясы осы мәселе жөнінде Бас прокуротураға хаттама  жолдадық. Жаңаөзен өздерінің талаптарын дұрыс қоя білетін өңір. Біз оны қаңтар оқиғасында да көрдік. Төңкеріліс, дұрыс емес заттар болмады. Халық барлығын өздерін тоқтатты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: