Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістанда үшем дүниеге келді

28.03.2023, 15:50 222

HALYQLINE.KZ Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Атап айтқанда, ана бір ұл, екі қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2260 гр, 1570 гр және 995 гр болды.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Үшем дүниеге келген отбасының екі ұлы бар. Көпбалалы ана сұлулық салонында жұмыс істейді. Үшемнің әкесі – электрик-монтажшы. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: