Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғанибай мешітінің өткені мен бүгіні

26.02.2023, 11:00 750

«Қазалы уезі туралы архивтік фотолардың тарихы» жобасы аясында

Ғанибай мешіті – Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіш. Бұл мешіттің құрлысын 1887 жылы Қазаннан келген көпес Ғанибай өз қаржысымен бастады. Құрылыс тоқтап қалып, кейін халықтың күшімен 1894 жылы аяқталған. Ғимарат тіктөртбұрышты күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған.

Жоспарындағы аумақтық өлшемдері – 27х14 м, минаретінің биіктігі – 21 м.

Ғимарат жоспарында тіктөртбұрышты, бір қабатты, солтүстік жағындаминарет жасалған, ал солтүстік-шығысында айван орналасқан. Ғимаратаумағы қабырға арқылы екі бөлмеге – намаз оқитын залға және вестибюльгебөлінген. Шатыры жабын қаңылтырымен жабылған, едендері ағаштантөселген, қабырғалары сыланып, әктелген.

Ғимараттың архитектурасы «кірпіш стилінің» ең бір жақсы дәстүріндешешімін тапқан. Қасбеттері әртүрлі қуыстар түрінде ерекше көркемөңделген жауырыншылармен сомдалған, аралық және көмкеруші ернеулеркірпішті «тістермен» әсемделген.

Минареттің негізгі аумағы сегіз қырлы болып орындалған,қабырғалары филенкалармен жетілдірілген, осы аумақтың үстіндеорналасқан күмбездеуші бөлігі аркалары мен ойықтары бар цилиндрлі, алжабын қаңылтырының «қабыршықты» тіліктерімен жабылған сүмбілікүмбезшелерден ернеу арқылы бөлінген.

Мешіт архитертурасы – Қазалы қаласындағы өзіндік ерекшелігі бармешіттердің бірі болып табылады.1900 жылдың 2 желтоқсанында ескі Қазалы қаласында Сыр бойындағы ең алғашқы кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, кітапхана осы ғимаратқа орналастырылады. Сөйтіп, алғашқы жылы 437 дана кітап қорымен тұрақты 113 оқырманы болған Қазалы кітапханасы өз оқырмандарын қабылдайды. Осы орайда, Ресейден жер аударылып, қазақ даласында жүрген орыстың социал-демократтары кітапханаға қызығушылық танытады. Кітапхана қорына қолда бар әдебиеттерін беріп, қазақ жастарының ұйымдасып ойын-сауық қоюына, одан түскен қаржыға кітаптар сатып алуына мұрындық болады. Кітапхананың қазақ халқы үшін таптырмас білім көзі екенін түсінген қазақ зиялылары кітапхана қорын толықтыруға өзіндік үлестерін қоса бастайды. Орта Азияға сапар шеккен атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тянь-Шаньский де Қазалы қаласында болып, кітапхана жұмысын жақсарту туралы кітапханашыларға ақыл-кеңес беріп, өзінің жеке кітапханасынан 200-дей кітапты қолтаңбасымен сыйға тартқан. Тарихи маңызы бар бұл нысанды «Казпроектреставрация» институты 1980 жылы есепке алып, тарихи- мәдени ескерткіш ретінде құжаттарын дайындаған. Айта кетейік, көне архитектуралық нысан 1930 жылға дейін мешіт, кейін оқушылар үй болып жұмыс істеді.

1949 жылыҚазалықалалық кітапхана осында көшіріліп, 2019 жылға дейін халыққа қызмет көрсетті. Кейіннен бұл кітапхана 50 мың томдық және ғасырлық тарихы бар облыстыңең бай кітапханасына айналды. Республикалық санаттағы ескерткіш Ғанибай мешітіне 2000-2001, 2013 жылдары қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бұл ғимарат Қазалы қаласы жастарының дамуы мен жаңа бағыты үшін «Жастар үйі» болып жұмыс жасауда.

Әлібек СЕРАЛЫ,

Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: