Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кеңес мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды

08.02.2023, 16:10 491

HALYQLINE.KZ Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты Кеңес мәжілісі өтті.
Тұрақты кеңес мәжілісінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша «Әлеуметтік желілермен жұмыс жасау туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаев хабарламасы тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы бүгінгі күні ақпараттық технологиялар дамыған заманда басты ресурс – ақпарат болып табылатындығын, соған сәйкес, әлеуметтік желі тұрғындар арасында қоғамдық пікірді қалыптастыратын негізгі алаңға айналып отырғандығын айтты.

Осы тұста, кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларына әлеуметтік желілерде көтірілген мәселені шешу үшін тек сол постты жазған адамға жауап берумен немесе постты алдырып тастаумын шектелмеу керектігін, көтерілген мәселені түпкілікті шешу бағытында қабылданған шаралар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін басты назарда ұстауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Аудандағы автомобиль жолдарының жағдайы және алдағы уақытта атқаралытын жұмыстар туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Саршаева хабарлама жасады.

Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аудандағы автомобиль жолдарының жағдайы – ең өзекті мәселе және бірінші кезекте шешілуі қажет мәселе екендігін айтты. Сондай-ақ, ауданға биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлініп, бірқатар жол жөндеу жобалары жүзеге асырылуы жоспарланып отырғандығын айта келе, бөлінген қаржыны уақытылы және мақсатты игеріп, құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.
Жиын соңында аудан әкімі соңғы уақыттары «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында жол-көлік оқиғаларының жиі болып отырғандығын айтып, оның алдын алу бағытындағы (пада ұйымдастыру, қосымша жол белгілерін қою) тиісті кент, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: