Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

17.01.2023, 9:40 356

HALYQLINE.KZ Сессияға аудан әкімі А.Есжанов, аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде барлығы 8 мәселе қаралып, негізгі мәселелердің бірі  Жалағаш ауданының басқару схемасы бекітілді. 

Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 12 бөлім жұмыс істеген болса, енді атауы өзгерген және біріккен 8 бөлімге қысқарды.

Жалағаш ауданының қоғамдық даму, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, мәдениет және спорт, экономика және қаржы бөлімдері жаңа атаумен өз қызметтерін жалғастырады.

Сессия соңында қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы жылдың басында бекітілген бюджет 8,5 млрд теңге болса, қазіргі таңда министрліктерге қосымша жаңа жобалар ұсынылғанын, жыл соңына дейін бюджеттің еселенетінін жеткізіп, алдағы атқарылар еңселі істерді біріге атқаруға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: