Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әділетті Қазақстан – жастардың таңдауы»

09.12.2022, 15:55 470

HALYQLINE.KZ «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын  арнайы 1463 колл центрі қосылды, сонымен қатар жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалары ашылды. 

Акция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылып, өз кезегінде ол студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі – оның кешенді сипатында. Мемлекеттің ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамның шоғырландырылған күш-жігері қажет. Сондықтан біз бүгін «Әділдік жолымен» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойдық. Меморандумның басты мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың студенттері мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: