Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрелі өнеге, рухани үлгі

01.12.2022, 17:00 646

HALYQLINE.KZ

Молдахмет  Қаназдың  туғанына  –  80  жыл

Кеше Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Молдахмет Қаназдың туғанына 80 жыл толуына орай, өскелең ұрпаққа өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Алаш азаматы»атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ә.Бәкір, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Құдайбергенов, Журналистер одағының, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденнің иегері, эколог-қаламгер С.Жұбатыров, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев және М.Ықсанов атындағы колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кеш қонақтары Молдахмет Қаназдың ағартушылық қызметі жайлы және көп жылдар бойы «Жалын» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметін атқарғанын, кейбір шығармаларының грузин, орыс, өзбек тілдеріне аударылғанын және Болгар жазушысы Е.Пелиннің, орыс жазушысы В.Карповтың, И.Мелеевтің шығармаларын қазақ тіліне аударғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, Сайлаубай Жұбатырұлы жазушының шығармаларын үш кезеңге бөліп көрсетумен бірге, ешкімнің алдына түспей, марапатқа ұмтылмайтындығы мінез қарапайымдылығынан деп суреттеді. «Өмір бойы ізденіс үстінде жүретін, шығармаларында шарттылықтан шынайылық басым Молдекеңнің тағы бір керемет қасиеті – жұртпен араласуы, тыңдаушысын өзіне үйіре алатындығы» деп Әбдіжәлел Бәкір сөзін тамамдады. Кеш соңында «Жарқырай бер, асыл аға, алтындай» деп аталатын Мақсат Әлсейтовтың арнауын кітапханашы Ақмарал Серікбаева нақышына келтіре оқып шықты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: