HALYQLINE.KZ Сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде қоғам қайраткері Шеген Қодамановты еске алуға арналған «Қуғын құрығының қайсары» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
«Қуғын құрығының қайсары» кітабы – ардақты асыл азамат Қодаманов Шеген Ермұхамедұлына мәңгілікке қойылған ескірмейтін ескерткіш. Бұл жинақ шежірелі Шиелінің тумысы бөлек тұлғасы «Отызында орда бұзып, қырқында қыр асқан» Шеген Ермұхамедұлының бітім-болмысын, туған топырағына сіңірген өлшеусіз еңбегін, яғни, өнегелі өмір жолын, бүгінгі және келер ұрпаққа ұлағат етуге бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!