Орталық сайлау комиссиясының брифингінде кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар келесідей дауыс берген:
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%;
Жигули Дайрабаев – 3,42%;
Қарақат Әбден – 2,60%;
Мейрам Қажыкен – 2,53%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,22%;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%;
Барлығына қарсы – 5,80%.
«Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлын Қазақстан президенті етіп тіркеді», – деді Әбдіров.
Ұлықтау рәсімі 2022 жылдың 26 қарашасына белгіленді.
Еске сала кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы болды. ОСК жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!