Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аппарат мәжілісі өтті

14.11.2022, 9:50 608

Шаһар басшысы Асылбек Шаменовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, маңызды жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева баяндама жасап, салада атқарылып жатқан жұмыстарды тізбеледі.

Қазіргі таңда облыс орталығында 10 731 мүгедектігі бар адам тұрады. Бөлім арқылы көрсетілетін 28 мемлекеттік қызметтің 8-і осы мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік оңалтуға арналған. Сонымен бірге, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялау үшін 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар бойынша кешенді шаралар атқарылып келеді.

Аталған жоспар негізінде «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы қараша айына дейін өтінім берген 12 341 адамның 10 903-і қамтылып, орындалуы 88,3 % пайызды құрап отыр.

Мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында қала бойынша 178 мекеме мен кәсіпорындардың тізімі бекітілді. Соның ішінде, биылғы жылға 39 нысанды бейімдеу жоспарланса, оның 38-і стандартқа сәйкестендіріліп, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Интерактивті қолжетімдік картасына» енгізілді. Қалған 1 нысан 30 қарашада толығымен сәйкестендірілмек.Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдарға арнайы «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 10 рет өткізіліп, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 81 адам тұрақты жұмысқа тұрса, 6 азамат арнайы жұмыс орындарына орналасқан.

Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы бұл бағытта ұтымды шараларды үйлестіріп, мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасау қажет деді. Сонымен қатар, инватакси қызметтерін күшейту қажеттілігін баса айтты.

Кезекті мәселе бойынша Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов баяндама жасады. Бүгінде округтегі коммуналдық сала бойынша бұрынғыдан әлдеқайда ілгерілеу байқалады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен бөлінген 7 млн 950 мың теңгеге Сайлыбаев және №4 А көшелеріне тас төсеу жұмыстары жасалған. Сондай-ақ, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арқылы шет аймақта орналасқан 12 көшеге 400 – ге жуық электр бағаналары мен Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын аудандарына 2 жинақтық трансформаторы орнатылып, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілген.Шағын кәсіпкерлік те өрістеп келеді. Қазіргі таңда ауылда тіркелген 433 кәсіпкерлік нысан бар. Өткен жылмен салыстырғанда жаңадан 63 кәсіпкерлік субьектісіне көбейіп, 151 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, 2022 жылдың 10 айында Қызылжарма ауылдық округі бойынша 77 жоба қолдау тауып, барлық қаржы инситуттарынан 153,1 млн теңге қаражат алынып, жұмыстар жасалуда. Оның 58 жобасы «Бастау Бизнес» қайтарымсыз гранты арқылы жүзеге асуда. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған Медет Сейілов алда атқарылар жұмыстардың жеткілікті екенін тілге тиек етті. Мысалы, округтегі шет аймақ болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданына 28 шақырым электр желісін, 24 шақырым ауыз су құбырларын, 32 шақырым газ құбырларын тарту мәселесі кезек күттірмейді. Қалалық құрылыс бөліміне аталған аумақтарда инфрақұрылым жүйелерін дамыту мақсатында ұсыныс беріліп, алдағы уақытта аталған бөліммен бірге жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қаражат қарастырылуда.

Сондай-ақ, халықпен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген Р.Батырбаев және Қ.Сексенбаев көшесінің қиылысына бағдаршам орнату мәселесі бойынша жоба сметалық құжаттары жасалып, қаражатқа ұсыныс берілген.Өз кезегінде қала әкімі Асылбек Шаменов бұл ұсыныстарды қолданыстағы заңдылықтар аясында қаржының мүмкіндігінше шешу жолдары қарастырылатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: